Антифрод-центр Республики Казахстан: как защитить себя от мошенничества
Қазақстанда Қазақстан Республикасы Антифрод-орталығының ақпараттық сайты — antifraud.kz іске қосылды. Сайт азаматтар мен ұйымдардың алаяқтық, цифрлық қауіпсіздік және құқыққа қайшы әрекеттерден қорғану тәсілдері туралы хабардарлығын арттыру мақсатында құрылған.
Сайтта алаяқтықтың кең таралған және жаңа схемалары туралы өзекті ақпарат, сондай-ақ алаяқтарды қалай тануға болатыны және алаяқтыққа тап болған жағдайда қандай әрекеттер жасау керектігі туралы ұсынымдар жинақталған.
Антифрод-орталығының сайтынан не табуға болады?
Ақпараттық сайтта мыналар қолжетімді:
- Қазақстан Республикасы Антифрод-орталығының қызметі, оның міндеттері мен функциялары туралы ақпарат;
- алаяқтықтың ең кең таралған және жаңа схемалары туралы мәліметтер және оларды болдырмау жөніндегі ұсынымдар;
- алаяқтыққа тап болған кезде қайда жүгіну және қандай шаралар қабылдау керектігі туралы ақпарат;
- анықтамалық және оқу материалдары, жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар және алаяқтыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнама туралы ақпарат;
- алаяқтық, цифрлық қауіпсіздік мәселелері және инциденттер туындаған кездегі әрі қарайғы әрекеттер бойынша «Фродди» ЖИ-агентінің көмегімен берілетін консультациялық ақпарат;
- биометриялық сәйкестендіруден өту және Антифрод-орталығының ақпараттық жүйелерінде өзіңіз туралы мәліметтердің бар-жоғын тексеру мүмкіндігі;
- азамат туралы мәліметтер Антифрод-орталығының тиісті есептерінде болған жағдайда қолжетімді тетіктер және әрі қарайғы әрекеттер туралы ақпарат;
- сайттар мен ұйымдар туралы ақпаратты, кредиттік тарихты тексеруге, сондай-ақ қаржылық сауаттылық және цифрлық қауіпсіздік мәселелері бойынша мәліметтер алуға болатын мемлекеттік және салалық ресурстарға пайдалы сілтемелер.
Қаржылық операциялар жасау кезінде сақ болыңыз
Бөгде адамдарға құжаттардың, банк карталарының деректерін, SMS-кодтарды және басқа да құпия ақпаратты бермеңіз. Қаржылық операциялар жасау немесе дербес деректерді беру алдында ақпараттың дұрыстығын тексеріп, ресми ресурспен немесе ұйыммен байланыста екеніңізге көз жеткізу ұсынылады.
«ЮНИКРЕДО» МҚҰ» ЖШС өзінің өтініш берушілері мен қарыз алушыларына алаяқтық схемалары, қорғану тәсілдері, қолжетімді ден қою шаралары туралы өзекті ақпарат алу, сондай-ақ қаржылық және цифрлық сауаттылық деңгейін арттыру үшін Қазақстан Республикасы Антифрод-орталығының ақпараттық сайтын пайдалануды ұсынады.
Қосымша ақпарат Қазақстан Республикасы Антифрод-орталығының ресми сайтында қолжетімді: